«Сергек» кешенді аппараттық-бағдарламасы, заңбұзушылықтарды автоматты түрде тіркеу жүйесі Алматы жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды элементіне айналды. Қаланы цифрландыру басқармасы ұсынған деректерге сәйкес, барлық аудандарға бөлінген қаладағы камералардың жалпы саны 1641 бірлікті құрайды.
Алатау ауданы-234 камера,
Алмалы ауданы-242 камера,
Әуезов ауданы-180 камера,
Бостандық ауданы — 219 камера,
Жетісу ауданы — 199 камера,
Медеу ауданы-245 камера,
Наурызбай ауданы-112 камера,
Түрксіб ауданы-210 камера.
Айта кетейік, 2023 жылдың 9 айында Алматыдағы «Сергек» камераларының деректері бойынша төленген айыппұлдар сомасы 3 834 230 121 теңгені құраған, ал 2024 жылдың сол кезеңінде бұл көрсеткіш едәуір өсіп, 10 996 126 995 теңгеге жеткен. Ескеретіні, жиналған қаражаттың 91 пайыздан астамы қала бюджетіне жіберіледі, бұл жүйені қауіпсіздік құралы ғана емес, сонымен қатар қала қазынасын толықтырудың маңызды көзі етеді.
Сонымен бірге, бюджетке түскен қаржының қай бөлігі жол инфрақұрылымын жақсартуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған деген сауалға, Алматы қалалық цифрландыру басқармасы — ондай ақпарат жоқ деп жауап берді.
«Сергек» жүйесі жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдар есебінен қала бюджетін едәуір толықтыра отырып, өзінің тиімділігін көрсетеді. Алайда, жиналған қаражаттың қанша бөлігі жол инфрақұрылымын жақсартуға және жол қауіпсіздігіне бағытталғандығы туралы ақпараттың болмауы сұрақтар туғызады. Бұл қала тұрғындары осындай жүйелерді енгізудің нақты нәтижелері мен артықшылықтарын көруі үшін, түсімдерді бөлудің ашық тәсілінің қажеттілігін көрсетеді