2025 жылдың 1 сәуірінде Қонаев қаласындағы «Торнадо» ойын залы жұмысын тоқтатты. Бұл 15 жылдан астам жұмыс істеп келген Қазақстандағы ең көне заңды құмар ойындары нысанының бірі болған. Оның жабылуы салықтық ауыртпалықтан, бірқатар жаңа талаптардың енгізілуінен және мемлекеттік қолдаудың болмауынан туындаған саладағы жүйелік дағдарыстың дабылы болды.
Естеріңізге сала кетейік, 2007 жылы Қазақстанда 140 астам казино мен ойын автоматтары залы жұмыс істеген. Ойын бизнесін арнайы бөлінген аймақтарға көшіру туралы заң қабылданғаннан кейін — Қапшағай су қоймасының жағалауында (қазіргі Қонаев, Алматы облысы) және Ақмола облысының Бурабай ауданында — нарық тез тарыла бастады. 2017 жылға қарай лицензиясы бар тек 13 казино мен 17 ойын автоматтары залы қалды. 2025 жылдың сәуір айындағы жағдай бойынша Қонаевта барлығы 7, Бурабайда 1 заңды мекеме жұмыс істейді.
Оның себебі айқын, бұл ТМД-дағы ең жоғары салық жүктемесі болып табылады. Нақты пайдаға қарамастан, әрбір казино жыл сайын бюджетке кемінде 2,6 млрд теңге төлейді. Бұған қосымша ұтыстарға жеке табыс салығын (ЖТС) енгізу және бәстігулерді екі есеге ұлғайту — ойын үстелі үшін 1660 — 3320 АЕК дейін (шамамен 6,5 — 13 млн теңгеге дейін) және автомат үшін айына 60 — 120 АЕК дейін (236 мыңнан 472 мың теңгеге дейін) арттыру қарастырлыған.
Бұл шаралар, нарық қатысушыларының пікірінше, заңды секторды түпкілікті жоюы мүмкін.
Ұлттық казино операторлары қауымдастығының заңгері Артем Тимошенконың айтуынша:
«Қалыптасқан жағдай дамуға емес, тәркілеуге бағытталған саясаттың айқын мысалы. Заңды казинолармен бірге жұмыс орындары, инвестициялар, тұрақты салық түсімдері жойылады. Біз нарықты көлеңкелі сектордың қолына береміз».
Ол енді бұл тек бизнеске қатысты емес екенін баса айтады:
«Бұл экономикалық тұрақтылық пен институттарға деген сенім мәселесі. Бюджет жыл сайын 17 миллиард теңгеден астам шығынға ұшырап, жұмысқа орналасу мүмкіндігі төмен аймақтарда 4500 жуық адам жұмыссыз қалуы мүмкін». Осының аясында кадрлар мен инвесторлардың кетуі көбейіп, заңсыз онлайн-казинолар мен астыртын залдар қарқынды дами бастайды. Қазақстан бұл нарықты көрші Қырғызстанға ұтылу қаупі бар, ол жақта осы саладағы бизнес қалпына келтіріліп, қолдау табуда».
Заңды ойын бизнесі — ойын-сауық индустриясы ғана емес, сонымен қатар аймақтық экономиканың маңызды бөлігі болып табылады: жұмыс орындары, салықтар, инфрақұрылымды дамыту және туризм. Саланың мәселелерін елемеу – ел инвестициялық ашықтық пен тұрақты өсім деп өз басымдықтарын жариялап жатқан кезеңде кері қадам.
Қазір мемлекет алдында таңдау тұр: заңды саланы сақтау және жаңғырту немесе оны түпкілікті көлеңкелі сектордың қолына беру. Жақын айларда қабылданатын шешімдер, экономика мен әлеуметтік тұрақтылыққа ұзақ мерзімді әсер ететін болады.