Таңдаулы

ҚОНАЕВТАҒЫ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ БЕЗЕНДІРУ: 76 МЛН ТЕҢГЕГЕ ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚ РАСТАЛДЫ. ӘРІ ҚАРАЙ НЕ БОЛМАҚ?

ҚОНАЕВТАҒЫ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ БЕЗЕНДІРУ: 76 МЛН ТЕҢГЕГЕ Бүкіл ел бойынша қоғамдық наразылық тудырған, Қонаев қаласындағы сапасыз жаңа жылдық безендіру оқиғасы жалғасуда. Естеріңізге сала кетейік, қаланың мерекелік безендірілуіне 148 528 840 теңге бөлінген, алайда, қорытынды нәтижеде тұрғындар арасында сын толқынын тудырып, көңілін қалдырды, безендіру бөлінген қаражат көлеміне сәйкес келмеді деген пікір қалыптасты.

Бұған дейін біз, аудит нәтижелері бойынша 76 млн теңгеден астам сомаға қаржылық заңбұзушылық анықталғанын хабарлаған болатынбыз. Аудиторлық есепке қарсылықтардың болуына байланысты, Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті материалдарды Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі жанындағы Апелляциялық комиссияның қарауына жіберді.

Апелляциялық комиссия ұсынылған материалдарды қарады және анықталған қаржылық заңбұзушылықтың негізділігін мойындай келе, ішкі мемлекеттік аудит департаменті шешімін растады. Осыдан кейін, 2025 жылдың 15 сәуірінде Департамент, «Қонаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, заңсыздықтарды жою және кінәлі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жолдады. Нұсқаманың орындалу мерзімі 2025 жылғы 15 мамырға дейін деп белгіленген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органдары, осы оқиғаға қатысты тиісті шараларды жүргізеді, оның ішінде барлық қатысы бар тұлғаларды қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартады деп күтілуде.

Аудит барысында анықталған негізгі қаржылық заңсыз әрекеттерден басқа, ішкі мемлекеттік аудит департаменті, жаңа жылдық безендіруге шарт жасасу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылғанын да қосымша анықтады. Осыған байланысты, 2025 жылғы 23 қаңтарда ТКШ бөлімінің басшысы Тимур Акмурзаевқа қатысты, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-бабының 11-бөлігі бойынша №251900720000033 әкімшілік хаттама жасалды (Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұза отырып шарт жасасу). Мамандандырылған ауданаралық соттың 2025 жылғы 13 ақпандағы шешімі бойынша, Акмурзаевқа 393 200 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, ол 2025 жылғы 18 наурызда мемлекеттік бюджет кірісіне төленді. Осылайша, ол осы жеке заңсыз әрекет үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жағдай қоғам мен құзыретті органдардың бақылауында қалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button