КЕНЕ ШАҚҚАННАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУҒА БОЛАДЫ: ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГЫНЫҢ КЕҢЕСТЕР
Көктем мен жаз келісімен Қазақстанның көптеген тұрғындары табиғат аясына шығуға тырысады. Алайда, Қонаев қаласының, қалалылық көпсалалы аурухана эпидемиолог-дәрігері Ерлан Жарылқапұлы Саржановтың ескертуінше, осы кезеңде кенелердің белсенділігі едәуір артады, соның ішінде кене энцефалиті және конго-қырым геморрагиялық қызбасын қоса алғанда, қатерлі инфекцияларды жұқтыру қаупі жоғары болады.
КЕНЕ ЭНЦЕФАЛИТІ: НЕГІЗГІ ҚАУІПТЕР МЕН БЕЛГІЛЕР
Кене энцефалитінің вирусы беріледі:
• ауру кене шаққанда;
• сирек – ауру малдың шикі сүтін тұтынғанда;
• кенені байқаусызда жаншып кетсе немесе шаққан жерін қасығанда.
Ауру белгілеріне — әлсіздік, бас ауруы, жүрек айнуы, дене қызуының көтерілуі және тістеу аймағындағы терінің қызаруы жатады. Мұндай белгілер пайда болған жағдайда шұғыл медициналық тексеру қажет.
ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУҒА БОЛАДЫ?
Сержанов Ерлан Жарылқапұлы келесідей алдын алу шараларын сақтауды ұсынады:
• Жабық киім киіңіз: жеңі ұзын жейде, шалбарды шұлықтың ішіне тығып, басыңызды орамалмен немесе капюшонмен жабыңыз;
• Өз-өзін және өзара тексеруді жүйелі түрде жүргізу;
• Тері мен киімге себетін құралдарды қолданыңыз;
• Кене шаққан жағдайда дереу медициналық мекемеге қаралыңыз. Егер ол мүмкін болмаса, кенені мұқият алып тастаңыз, тістеген жерін емдеп, қолыңызды жуыңыз.
КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ: ТАҒЫ БІР ҚАУІП
Сондай-ақ маман конго-қырым геморрагиялық қызбасын (КҚГҚ) жұқтыру қаупін еске салды, негізінен ол ең алдымен кене шағу арқылы жұғады. Кене шағу қауіпі, ашық жерде болған кезде де, әсіресе үй жануарларына күтім жасау кезінде де сақталады.
Негізгі сақтық шаралары:
• Аэрозольді қорғаныс заттары мен жабық киімдерді пайдаланыңыз;
• Қорғаныс құралдарысыз жануарлардың қанымен жанасудан аулақ болыңыз;
• Үй жануарлары мен мал қораларын, әсіресе эндемиялық аймақтарда тұрақты тазалауды жүргізу керек;
Еске салайық, КҚГҚ табиғи ошақтары Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында тіркелген. Бұл аймақтарда санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер ауқымды дезинсекция және кенеге қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізуде.
Қауіпсіздік сіздің қолыңызда. Мамандардың кеңестерін орындаңыз және тіпті кішігірім белгілерді елеусіз қалдырмаңыз.