Қазақстанда ойынға тәуелділіктің таралу ауқымы мен себептеріне арналған талдамалық есеп жарияланды. Есепті «Esbol Qory» — қоғамдық қоры таныстырды. Зерттеу: дәл онлайн-казино, спорттық бәс тігу және цифрлық ойындар құмар ойындарға тартудың негізгі арнасына айналғанын растайды.
Бұрынғы жеке пікірлер мен болжамдардан айырмашылығы, жаңа зерттеу алғаш рет ғылыми деректерге, мамандардың пікіріне және
құмарпаздықтан емделіп жүрген адамдармен жүргізілген сұхбаттарға сүйенеді.
Негізгі қорытынды – смартфондар мен компьютерлер дәстүрлі ойын орындарын ығыстырды. Виртуалды казиноға кіру немесе спортқа бәстігу киноға билет сатып алудан да оңай болды. Мұндай ойындар кез келген жерде және кез келген уақытта қолжетімді, бұл ойын ойнау кедергілерін едәуір төмендетеді және тәуелділікті бастапқы кезеңде байқатпайды. Жеңіл ұтыстардың жалған елесі, жылдам өзгеретін ставкалар, агрессивті маркетинг және заңсыз платформаларға кіру, әсіресе жастар үшін қауіпті мүмкіндіктерді құрайды.
Қазақстанда онлайн-казиноларға заңды түрде тыйым салынған, бірақ олардың қызметі бұғаттаулар мен заңды шектеулерді айналып өтетін көлеңкелі механизмдер арқылы жалғасуда. Нәтижесінде, пайдаланушылар тыйым салынған құмар ойындарға ғана қол жеткізіп қоймай, алаяқтыққа, қаржылық шығындарға және әлеуметтік құлдырауға ұшырайды.
Зерттеуде жастардың, әсіресе, 18-35 жас аралығындағы ер адамдардың қатысуының жоғары деңгейіне ерекше көңіл бөлінген. Дәл солар жиі цифрлық тәуелділіктің құрбанына айналады, қаржылық қысым, стресс және насихатталатын жарнамалардың ықпалына түседі.
Цифрлық құмар ойындардың қарқынды өсуі жағдайының — заңнамалық салада да, қоғамдық ақпараттандыру саласында да алдын алу шаралары қажет. Тек жүйелі тәсіл ғана құмарпаздыққа тәуелділікпен байланысты тәуекелдермен тиімді күресуге мүмкіндік береді.