Жаңалықтар

ҚОНАЕВТАҒЫ 471 МИЛЛИОНҒА САЛЫНҒАН СКЕЙТПАРК ҚАУІПТІ БОЛЫП ШЫҚТЫ

Қонаев қаласындағы ең қымбат спорт нысандарының бірі, атап айтқанда құны 471 миллион теңгеден асатын скейтпарк спортты дамытатын орын емес, қауіп-қатердің артқан жері болып шықты. Сыртқы жағының әсерлі көрінісіне қарамастан, көптеген элементтер қазірдің өзінде зақымдалған, ал олардың кейбіреулері бастапқыда ауытқулармен салынған, осы жағдай оны толыққанды сырғанау мен жаттығуларға жарамсыз етеді.

Тік және күрт төмен түсу жолдары, фигуралар арасындағы қауіпті арақашықтықтар, өткір металл қырлар мен зақымдалған қолданыс айдыны жарақат алу қаупін тудырады. Бұл жайлы сұхбат барысында күн сайын алаңда сырғанайтын жігіттердің өздері айтып берді. Жастардың назарын аударатын орынға айналуы тиіс скейтдром, бүгінде жансақтау алаңына айналды.

Біз сараптамалық пікір алу үшін, Алматы қаласы скейтбординг Федерациясының басшысы Андрей Журавлевке жүгіндік, ол нысанды жеке қарап шығып, алаңның жай-күйіне кәсіби баға берді. Маңызды кемшіліктердің бар екенін растай отырып, ол негізгі қауіпсіздік стандарттарының сақталмауын атап өтті.

Қазақстан бойынша ондаған скейтпарктер салған TOO «AM CRAFT» компаниясының директоры Михаил Сеньковский де өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, бұл құрылым жаттығуға жарамсыз және біраз жетілдіруді қажет етеді.

Айта кету керек, алаң 2024 жылдың жазына дейін тұрақты күтімде болды, кейіннен қараусыз қалды.

Қонаев қаласының барлық жауапты тұлғалары мен мамандандырылған қызметтерін шұғыл шаралар қабылдауға шақырамыз. Спорт ақсамауы керек.

Қала тұрғындары скейтбордты жағажай маңындағы қалалық спорт алаңына жақындатып, халықаралық стандарттар мен пайдаланушылардың нақты сұранысын ескере отырып, жаңа алаң салуды ұсынды. Ал босаған жер телімін мәдениет үйі немесе қала үшін маңызды басқа да қоғамдық нысан салуға пайдалануға болар еді.

Қоғам қандай әрекет боларын күтуде. Біз өз тарапымыздан осы нысанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қабылданатынын бақылауды жалғастырамыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button