Жаңалықтар

МЕЙРАМХАНА АҚШАНЫ ҚАЙТАРУҒА МІНДЕТТІ

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтында азаматтардың құқықтарын қорғау заңдарының қалай жұмыс істейтінін айқын көрсететін Павлодар облысынан шыққан қызықты жағдай жарияланды.

Биыл шілде айында павлодарлық тұрғын банкет залына алдын ала төлем жасаған, алайда жеке жағдайларға байланысты шараны өткізуден бас тартқан. Әкімші басқа тапсырыстардың болмағанын алға тартып, ақшаны қайтарудан бас тартқан.

Павлодар облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде түсіндіргендей, егер тараптар алдын ала кез келген жағдайда кепілдің қайтарылмайтынын нақты келіспесе, онда ҚР Азаматтық кодексінің 338-бабына сәйкес, тұтынушы төленген соманы қайтаруды талап етуге құқылы.

Ерекше жағдай — мейрамхана шығындардың расталғанын құжатпен дәлелдеген кезде. Бұл жағдайда ҚР АК 686-бабына сәйкес тек нақты шығындар ғана ұсталып қалады.

Сонымен қатар, ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңының 8-1-бабы 2-тармағы 6-тармақшасына сәйкес, азаматтың құқығын шектейтін шарт деп, орындаушыға көрсетілмеген қызмет үшін ақшаны қайтармауға мүмкіндік беретін келісім талаптары танылады.

Департаменттің қолдауымен тұтынушы сотқа дейінгі талап арыз жазды. Соның нәтижесінде банкет залының басшылығы сотқа дейінгі реттеу аясында клиентке алдын ала төлемді қайтару туралы шешім қабылдады.

Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз, төмендегідей әрекет ету керек:

* дәлелдерді сақтау (чектер, аударымдар, хат алмасу, бронь реквизиттері);
* мекеме атына жазбаша талап жолдау;
* талап орындалмаған жағдайда мекенжай бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгіну.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button