Қазақстанда құрылыс секторына мамандар даярлауға көңіл бөлінуде. Бүгінде «Сәулет және құрылыс» бағыты бойынша 34 жоғары оқу орнында 19 042 студент білім алуда. Олар үшін 299 білім беру бағдарламасы әзірленген, соның ішінде 15-і инновациялық.
Заманауи білім беру бағдарламалары пәнаралық тәсілді барған сайын белсендірек енгізіп келеді. Мәселен, Халықаралық білім корпорациясы «Құрылыстағы ақпараттық технологиялар» және «Құрылыстың экономикасы мен менеджменті» курстарын іске қосты. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде «Сәулет және қала құрылысы» бағдарламалары жүргізілсе, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «BIM (Building Information Modeling) — ғимараттар мен құрылыстарды жобалау» бағыты бар.
Өңірлердегі колледждер еңбек нарығының сұранысына қарай өз бағдарламаларын бейімдеп, тәжірибелік дайындықты күшейтіп жатыр. Алынған академиялық дербестік оқу орындарына өз көзқарастарын қайта қарауға және экономиканың қажеттіліктеріне бағытталған мамандарды дайындауға мүмкіндік береді.
Еңбек ресурстарын дамыту орталығының болжамына сәйкес, тек 2025 жылы Enbek.kz электронды биржасында 1,09 — 1,25 млн бос жұмыс орны жарияланған. Оның 350 мыңға жуығы жұмысшы мамандықтарына, соның ішінде құрылыс саласына тиесілі болмақ. Жалпы бос орындардың шамамен 7% құрылыс секторына қатысты болады.
Қазіргі таңда құрылыс саласында миллионнан астам адам еңбек етеді. Білім беру бағдарламаларының күшеюі мен студенттер санының артуы кадр тапшылығын толықтыруға және саланы одан әрі дамытуға негіз болып табылады.