Қазақстан Үкіметі 2025 жылы халықты толық көлемде ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарын жүзеге асыруда.
Индустрия және құрылыс министрлігінің деректеріне сәйкес, қалалардағы қамту деңгейі 2019 жылғы 97,2%-дан 99,3%-ға дейін өскен. Елдегі 90 қаланың 73-і бүгінде 100% сумен қамтамасыз етілген, ал қалған 17 қала 2025 жылы сапалы ауыз су жүйелеріне қосылады. Ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 86,4%-дан 97,5%-ға жеткен.
6 148 ауылдық елді мекеннің ішінде 5 679-ы сумен қамтылған. 2025 жылдың соңына дейін 469 ауылда осы мәселені шешу жоспарланып отыр.
Толық қамтамасыз ету үшін әртүрлі инфрақұрылымдық шешімдер қолданылуда. 245 елді мекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелері салынады, ал 224 ауылда шектеулі инфрақұрылым жағдайында ауыз суды тиімді жеткізуге мүмкіндік беретін блок-модульдер орнатылады.