Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫН ӨНДІРУДЕГІ ҰСТАНЫМЫН НЫҒАЙТТЫ

2025 жылдың алғашқы айларының қорытындысы бойынша құрылыс материалдары нарығындағы қазақстандық өндірушілердің үлесі 69,6%-ды құрайды.

Елде осы сала бойынша 2 922 кәсіпорын жұмыс істейді, олардың 96%-ы шағын компаниялар.

2024 жылы құрылыс материалдары өндірісінің көлемі 1,4 трлн теңгеге жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 12,5%-ға артты. Нарықтың жалпы көлемі $4 млрд болды, оның ішінде отандық өнімнің үлесі — 68,3%.

2025 жылғы қаңтар-маусым айларында өндіріс көлемі 713 млрд теңгеден асып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,3%-ға жоғарылады. Бес айдағы нарық көлемі $1,4 млрд құрады, оның шамамен 70%-ы қазақстандық өндірушілердің өніміне тиесілі болды.

Отандық материалдар үлесінің артуы шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттік саясаттың нәтижесі болып отыр. Негізгі назар өндірісті жаңғыртуға, өнім түрлерін кеңейтуге және импортқа тәуелділікті азайтуға аударылуда. Бұл ұлттық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ішкі нарықтың тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button