Жаңалықтар

БАЛАЛАР БІЛІМІНЕ АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ЖИНАҚТАУ ЖҮЙЕСІ

5 жастан 18 жасқа дейінгі балалары бар ата-аналардың есіне саламыз: егер сіз әлі «Келешек» мемлекеттік жинақтау жүйесіне қосылмаған болсаңыз, ол сіздің балаңыздың ел ішінде де, шетелде де сапалы білім алуына көмектеседі.

«Келешек» — ерікті, ұзақ мерзімді жинақтау жүйесі. Оған қосылу үшін екінші деңгейлі банкте депозит ашуға немесе өмірді сақтандыру компаниясымен (ӨСК) шарт жасасуға болады. Депозит ашылған сәтте балаға бюджет есебінен бастапқы білім капиталы есептеледі: барлық балаларға — 60 АЕК (2025 жылы бұл 235 920 теңге), ал жетім балаларға — 120 АЕК (471 840 теңге).

Қатысуды жалғастыру үшін ата-аналар жыл сайын балаларының шотын толтыруы керек. Ең төменгі жарна әлеуметтік осал отбасылар үшін 12 АЕК (47 184 теңге), қалғандары үшін 24 АЕК (94 368 теңге). Егер ең төменгі жарна уақтылы салынбаса, мемлекет бұған дейін есептелген бастапқы капиталды қайтарып алуға құқылы. Бұл ереже азаматтықты ауыстыру немесе баланың шетелге қоныс аударуы жағдайларында да қолданылады.

Жыл сайын салымға мемлекеттік сыйақы қосылады: әлеуметтік осал отбасылар үшін — 7%, басқа азаматтар үшін — 5%. Бұған қоса, банктер жылдық 11%-дан төмен емес сыйақы төлеуге міндетті, ал сақтандыру компаниялары инвестициялық табыс әкеледі. Осылайша, «Келешек» салымы — ең тиімді әрі сенімді жинақтау құралдарының бірі.

Жиналған қаражатпен Қазақстанда да, шетелде де білім ақысын төлеуге болады. Егер бала грант ұтып алса, жинақ екінші жоғары білімге немесе магистратураға, баспана сатып алуға не оны жөндеуге, қаражатты Қазақстан азаматына аударуға, жинақтауды жалғастыруға немесе білім туралы құжат ұсынған жағдайда қолма-қол алуға жұмсалады.

«Келешек» ата-аналарға ұзақ мерзімді жоспарлау құралы, ал мемлекетке білімнің қолжетімділігін арттыруға және отбасыларға қаржылық ауыртпалықты азайтуға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button