2025 жылдың 1 қазаны – жеке тұлғалар, яғни жылжымайтын мүлік пен жер учаскелерінің иелері үшін 2024 жылға мүлік салығын төлеудің соңғы күні.
Салықты мемлекеттік кірістер органдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы анықтайтын мүлік құны мен оған нақты иелік етілген мерзімге сүйене отырып есептейді.
2025 жылдың 2 қазанынан бастап салығын уақытында төлемегендерге берешегі бар екені туралы хабарламалар жіберіледі. Кейін аталған қарызға өсімпұл есептелуіне және оны мәжбүрлі түрде өндіру шаралары қолданылуына әкеп соғуы мүмкін.
Салықты e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы, екінші деңгейлі банк қосымшаларынан, «Электрондық үкімет» порталы арқылы, банк бөлімшелерінде не болмаса төлем терминалдары арқылы қолма-қол ақшамен, банкоматтар мен терминалдарда банк картасы арқылы төлеуге болады.
