Қонаев қаласында электр энергиясының шығынын азайту, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту шаралары ретімен жүзеге асырылуда. Жарықдиодты шамдар мен сәндік шамдар жаңартылып, жаңа энергия үнемдейтін шамдар орнатылды. Тозған электр сымдары ауыстырылып, желілердің сенімділігін арттырды, техникалық шығындар қысқарды.
Әрбір орындалған кезең — қаланың тұрақты дамуына және қалалық орта сапасын жақсартуға қосылған үлес. Энергия тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қызмет етуі тиіс.
