Жаңалықтар

ЖҮРГІЗУШІ КӨЛІКТІ ТОҚТАТУ СЕБЕБІН ТҮСІНДІРУДІ ТАЛАП ЕТТІ

2026 жылғы 12 наурызда Шығыс Қазақстан облысының Жоғарғы Үлбі ауылында жүргізуші мен жол-патрульдік полиция инспекторы арасында даулы жағдай орын алды.

Желіде жарияланған бейнежазбада ер адам көлікті не себепті тоқтатқанын түсіндіруді талап етіп, оны растайтын құжаттарды көрсетуді сұрайды. Полиция қызметкері алдымен тоқтатудың себебін жедел-профилактикалық іс-шаралардың жүргізілуімен түсіндіреді, кейінірек бағдаршамның жыпылықтаған сары сигналына өту дерегін алға тартады.

Ақыры соңында полиция қызметкерлері көлікті тоқтатудың бастапқы себебіне қатысты ешқандай қосымша әрекет жасамай, оқиға орнынан кетіп қалады. Бейнежазбаны көргеннен кейін көлікті тоқтату негізсіз жүзеге асырылған болуы мүмкін деген әсер қалыптасады.

Back to top button