Жаңалықтар

ӘЗІРГЕ ҚАҢҒЫБАС ЖАНУАРЛАР ТУРАЛЫ ДАУЛАСЫП ЖАТҚАНДА… ҚАЛАЛАРДА БАСҚА МӘСЕЛЕ БАЙҚАЛУДА

Әлеуметтік желілерде қала көшелері мен аулаларында еркін жүрген егеуқұйрықтар мен тышқандар түсірілген бейнелер жиілеп барады. Пайдаланушылар кеміргіштердің бұрынғыдан жиі көріне бастағанын атап өтуде.

Қаңғыбас мысықтар мен иттердің санын реттеу шараларын күшейту жөніндегі талқылаулар аясында желіде тағы бір сұрақ жиі қойыла бастады: жануарлардың бір популяциясының азаюы екіншісінің, мысалы кеміргіштердің көбеюіне жанама түрде әсер етуі мүмкін бе және біз мұндай салдарға дайынбыз ба?

Мәселен, осы бейнежазбада (@v_astane_official) көшедегі ірі егеуқұйрық тұраққа қойылған автокөлікті паналап жүргені көрсетілген.

Back to top button