21 наурыз күні шамамен таңғы сағат 05:00-де Астана – Алматы автожолының 747-шақырымында, Сарышаған кенті маңында жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол жиегінде тұрған жүк көлігімен соқтығысу салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алған.
Полицияның алдын ала мәліметінше, 49 жастағы автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай, жол жиегінде тұрған Volvo жүк көлігіне соғылған.