Qumash_kz парақшасында Қазақстан Темір Жолы қызметтерінің сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты елеулі сұрақтар туғызатын оқиға жарияланды.
Парақша мәліметінше, Астана — Петропавл бағыты бойынша қатынайтын пойызда жолаушы дәретхананы пайдаланып жатқан сәтте «апаттық төгінді» орын алған. Оның айтуынша, ішіндегі қалдықтар қабырғалар мен төбеге шашырап, өзіне де тиген.
Жарияланымда пойыз қызметкерлерінің әрекетіне де ерекше назар аударылған. Онда: «Қызметкерлер бұл жағдайдан хабардар болған, алайда оқиға бойынша тиісті акт жасалмаған», — деп көрсетілген.
Жағдайды ушықтырған тағы бір жайт — пойыз бастығының оқиғаны жабулы қалтыруға тырысқаны туралы мәлімет. Ол жолаушыға ешқандай шағымы жоқ екенін жазуды ұсынған.
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде бұл дерек бойынша жоспардан тыс тексеріс тағайындалғанын хабарлады.
Мұндай жағдайлардан кейін көптеген адамда жаңа алаңдаушылық пайда болуы мүмкін. Оны шартты түрде «транзиттік-санитариялық үрей» деп атауға болады — қоғамдық көлікте антисанитария мен күтпеген жағдайларға тап болудан қорқу.
Бұл жерде басты мәселе оқиғаның өзінде емес, одан қандай қорытынды шығарылатынында және алдағы уақытта мұндай жағдайлардың алдын алу үшін нақты шаралар қабылдана ма, жоқ па — соған байланысты.
ҚТЖ-ның ресми түсініктемесін күтеміз.


