Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА: ЖАСӨСПІРІМ ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚОЛ ЖҰМСАДЫ

Шымкент қаласында қайғылы жағдай тіркелді: 6 сәуір күні мектептердің бірінің 8-сынып оқушысы өз үйінде өзіне-өзі қол жұмсаған.

Жасөспірімнің жансыз денесін туыстары тапқан. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері оның қайтыс болғанын ғана растады.

Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Back to top button