Алматыда 11-сынып оқушысының анасы мектептегі бітіру кешіне ақша жинау мәселесіне байланысты Қазақстан Президентіне шағымданды.
Бейнеүндеу әлеуметтік желілерде таралуда. Оның айтуынша, әр оқушы үшін ата-аналардан шамамен 200 мың теңге талап етіледі. Алайда шығындар сметасы ашық түрде ұсынылмаған.
Еске саламыз: мемлекеттік мектептерде кез келген ақша жинауға тыйым салынған. Сондай-ақ білім беру ұйымдарының әкімшілігі мұндай әрекеттерге араласпауы тиіс.
Толығырақ — бейнематериалда.