Жаңалықтар

ШЕКАРА МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ЕКІНШІ ҮНДЕУ: ЖАҒДАЙ УШЫҒА ТҮСТІ

INFO MONITORING редакциясына жүк тасымалы саласындағы брокерлік компания – «Agent Brok» ЖШС басшысы Мадина Маратовна Давлетходжаевадан қайтадан видеоүндеу келіп түсті.

Бұл – кәсіпкердің екінші жария мәлімдемесі. Алғашқы үндеуінде (бейне осы Reels соңында тіркелген) ол Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа тікелей жүгініп, өз сөзінше, 2025 жылдан бері Қазақстан–Қытай шекарасында қалыптасқан жағдайға араласуды сұраған болатын.

Кәсіпкер транзиттік жүктерді рәсімдеу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылмаған қаржылық талаптар қойылып жатқанын мәлімдеген.

Алайда жаңа үндеуге сүйенсек, жарияланымнан кейін жағдай жақсармаған. Керісінше, Давлетходжаеваның айтуынша, әкімшілік қысым мен жұмысқа кедергілер күшейе түскен.

Барлық мән-жай оның жаңа видеоүндеуінде баяндалған.

INFO MONITORING редакциясы жақын арада бірінші үндеуде айтылған деректер бойынша уәкілетті органдар мен бейінді ведомстволар қандай шаралар қабылдағанын және өз қызметтік өкілеттіктері шеңберінде әрекет еткенін немесе әрекетсіздік танытқан тұлғалардың жауапкершілікке тартылғанын хабарлайтын болады.

Сондай-ақ екінші үндеу бойынша да уәкілетті органдар тексеру жүргізіп, фактілер расталған жағдайда кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылады деп күтілуде.

Back to top button