Жаңалықтар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АСТАНАДАҒЫ №15 ЕМХАНАҒА ҚАШАН ЖЕТЕДІ?

Астана тұрғыны №15 емхана маңындағы аумақтың жағдайына наразылық білдірді. Оқиғаға қатысты видео әлеуметтік желілерде таралуда.

Кадрлардан жерде пайдаланылған бахилалар мен өзге де қоқыстардың шашылып жатқанын көруге болады. Сондай-ақ автор медициналық мекеме жанындағы жолдың жағдайы да көңіл көншітпейтінін атап өткен.

Бойжеткен мұндай жағдайдың денсаулық сақтау мекемесінің жанында болуы қалыпты жағдай ма деп ойлайды.

Back to top button