Жаңалықтар

ҚОНАЕВТА БИЗНЕС ПЕН ӘКІМДІК ТАКСИ ҚЫЗМЕТІН КҮШЕЙТТІ: +20 КӨЛІК ЖӘНЕ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

Қонаев қаласының әкімдігі бизнес өкілдерімен келіссөздер жүргізіп, нәтижесінде қалада жұмыс істейтін Region такси сервисінің автопаркі кеңейтілді. Компанияның жеке инвестициялары есебінен автопарк 190 млн теңгеге жуық сомаға 20 жаңа автокөлікпен толықты.

Жаңарту қала тұрғындары мен қонақтары үшін қызмет сапасы мен жайлылығын арттыруға бағытталған. Бұл ретте жол жүру тарифтері бұрынғы деңгейде сақталып, қызметтің қолжетімділігі қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, жаңа көліктерді іске қосу жүргізушілер мен қызмет көрсетуші персонал үшін қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді.

Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Тимур Ақмұрзаев:

«Қалалық сервистерді дамытуға жеке инвестицияларды тарту — заманауи басқару моделінің негізгі элементі. Біз бизнеске қала инфрақұрылымына қаржы салуға ынталандыратын жағдай жасаймыз. Автопаркті жаңарту барысында тарифтер деңгейін сақтап қалу арқылы жүктемені тұрғындарға артпай, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын құруға қол жеткіздік», — деп атап өтті.

Автопарк өкілдері гибридті көліктерді таңдаудың экономикалық әрі экологиялық тұрғыдан тиімді екенін атап өтті.

Region такси сервисі автопаркының өкілі Үйсімбеков Өркен Дәулетұлы:

«Гибридті көліктер отын мен пайдалану шығындарын айтарлықтай азайтады. Бұл тарифтерді бұрынғы деңгейде ұстап тұруға тікелей әсер етеді. Сонымен қатар, мұндай көліктер атмосфераға тарайтын зиянды қалдықтарды азайтады, бұл дамып келе жатқан қала үшін аса маңызды. Біз заманауи стандарттар мен тұрақты дамуға басымдық береміз», — деді.

Сондай-ақ автопаркті дамыту жұмыстары жалғасатыны айтылды: жақын арада тағы 3 көлік қосу, ал келесі кезеңде автопаркті тағы 10 бірлікке кеңейтіп, инвестиция көлемін шамамен 280 млн теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда.

Қаладағы такси қызметін дамыту жұмыстары технологиялық және экологиялық шешімдерді енгізуге басымдық бере отырып, жалғасады.

ҚОНАЕВТА БИЗНЕС ПЕН ӘКІМДІК ТАКСИ ҚЫЗМЕТІН КҮШЕЙТТІ: +20 КӨЛІК ЖӘНЕ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҚОНАЕВТА БИЗНЕС ПЕН ӘКІМДІК ТАКСИ ҚЫЗМЕТІН КҮШЕЙТТІ: +20 КӨЛІК ЖӘНЕ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҚОНАЕВТА БИЗНЕС ПЕН ӘКІМДІК ТАКСИ ҚЫЗМЕТІН КҮШЕЙТТІ: +20 КӨЛІК ЖӘНЕ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

Back to top button