Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан бюджет қаражатын жұмсауда елеулі заңбұзушылықтар анықталды. Бұл туралы Меркі ауданының прокуратурасы хабарлады.
Тексеру нәтижесінде мемлекетке 108 млн теңге көлемінде залал келтірілгені белгілі болды. Анықталғандай, қаражат Мыңқазан ауылына электр желілерін тарту жұмыстары үшін мердігерге аударылған, алайда аталған жұмыстар іс жүзінде атқарылмаған.
Ағымдағы жылдың наурыз айында аса ірі көлемде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Материалдар Жамбыл облысы бойынша ҰҚК департаментіне жолданды. Тергеу жалғасуда.
Материал Жамбыл облысы прокуратурасының ақпараты негізінде дайындалды.
