Жаңалықтар

ЖАН ТҮРШІГЕРЛІК ҚАТЫГЕЗДІК: ӨЗ ҚЫЗЫН ӨЛТІРДІ ДЕП АЙЫПТАЛҒАН ЕР АЗАМАТ СОТТА

Павлодар облысында Тереңкөл ауданының 26 жастағы тұрғынына қатысты сот процесі басталды. Ол өзінің үш жастағы қызын өлтірді деген айыппен жауапқа тартылып отыр. Бұл туралы irbistv.kz хабарлады.

Мәліметтерге сүйенсек, қайғылы оқиға 2025 жылдың қыркүйек айында болған. Ер адам қыздың биологиялық әкесі екеніне күмәнданып, осының салдарынан балаға жиі агрессия көрсеткен.

Оқиға болған күні айыпталушы көршісінің үйінде ішімдік ішкен, кейін қызын алып кету үшін үйіне қайтып келген. Тергеу нұсқасы бойынша, ол баланы соққыға жыққан. Кейін моншада жүрген кезінде қызды бетон еденге қатты лақтырған.

Бала ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгенімен, бауырының жыртылуы мен ішкі қан кету салдарынан көз жұмды.

Ер адамға «Азаптау» және «Кісі өлтіру» баптары бойынша айып тағылды. Оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр. Айта кетейік, күдікті өз кінәсін мойындамай отыр.

 

Back to top button