Жаңалықтар

МИНИСТРЛІК ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫН ЦИФРЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА АЛАДЫ

Қазақстан Мәжілісінде жеке сот орындаушыларының (ЖСО) қызметіндегі заңбұзушылықтар мәселесі көтерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Депутат Николай Арюстин кейбір жеке сот орындаушылары өндірілген қаражатты аударуды кешіктіріп қана қоймай, қаржы мен алиментті қоса, жеке депозиттеріне салғандарын мәлімдеді. Бұл деректерді прокуратура растаған.

Әділет вице-министрі аталған мәселені «Әділет» мобильді қосымшасы арқылы шешу жоспарланып отырғанын айтты. Жаңа жүйе қаражат түскен сәтте push-хабарлама жіберіп, өндірілген соманың өндіріп алушыларға уақытылы аударылуын автоматты түрде бақыламақ.

Сондай-ақ Әділет министрлігі қаражат қозғалысын қадағалау үшін жүйені банктермен және Қазпошта қызметімен интеграциялаған. Депутат Дмитрий Колода қазіргі заңнамада қаражатты аударудың нақты мерзімі көрсетілмегенін, осы олқылықты адал емес ЖСО-лар пайдаланып келгенін айтты. Жаңа заң жобасы Әділет министрлігіне мұндай мерзімдерді заңды түрде бекіту құқығын береді.

Еске салсақ, 29 сәуірде Мәжілісте сөйлеген депутат Бақытжан Базарбек Бас прокуратура деректеріне сүйене отырып, 88 жеке сот орындаушысы 660-тан астам алаяқтық және қаржылық заңбұзушылық эпизодына қатысы болуы мүмкін екенін мәлімдеген еді.

Back to top button