Жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ SIM-КАРТАЛАР АРҚЫЛЫ АЛАЯҚТЫҚҚА ТАРТУДА

Қазақстан Ішкі істер министрлігі азаматтарға жасөспірімдерді әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы алаяқтық схемаларға тарту фактілері көбейгені туралы ескерту жасады. Сала мәліметінше, кәмелетке толмағандарға SIM-карталарды рәсімдеу және кейін алаяқтар адамдарды алдау үшін пайдаланатын аккаунттарды тіркеу арқылы жеңіл табыс табу ұсынылады.

ІІМ мәліметіне сәйкес, қаскөйлер мұндай аккаунттарға қол жеткізіп, олардың көмегімен алаяқтық қоңыраулар жасап, жалған хабарламалар таратады.

ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының бастығы Бейбіт Біржанов мұндай әрекеттер қылмыскерлерге көмектесу ретінде бағалануы мүмкін екенін атап өтті.

Сала азаматтарға өз аккаунттарын бөгде адамдарға бермеуге, үшінші тұлғалар үшін нөмірлерді белсендірмеуге және шығу тегі күмәнді SIM-карталарды сатып алмауға кеңес берді. Сондай-ақ ата-аналардан балаларға мұндай схемаларға қатысудың салдарын түсіндіру сұралды.

Полиция азаматтарды сақ болуға және интернеттегі жылдам табыс туралы ұсыныстарға сенбеуге шақырды.

Back to top button