Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ШАШЫ БҮЛІНГЕН ТҰТЫНУШЫ АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП АЛДЫ

Алматы облысының тұрғыны тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті қызметкерлерінің араласуымен сұлулық салонында көрсетілген сапасыз қызмет үшін төлеген қаражатын қайтарып алды.

Келіншек шашын бояту үшін салонға барған. Алайда шаш бояу нәтижесі күткен үмітін ақтамаған. Оның айтуынша, қалаған түсі шықпаған әрі шаш құрылымы айтарлықтай зақымданған. Салон қызметкерлері жағдайды түзетуге тырысып, шашты қайта бояғанымен, бұл нәтиже бермеген.

Осыдан кейін тұтынушы Алматы облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағым түсірді.

Өтінішті қарау барысында сала мамандары «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 42-4-бабына сәйкес дауды сотқа дейін реттеу шараларын жүргізді.

Нәтижесінде тараптар сотқа жүгінбей-ақ келісімге келіп, сұлулық салоны сапасыз көрсетілген қызмет үшін клиентке 40 мың теңге көлеміндегі ақшасын толық көлемде қайтарды.

Back to top button