Жаңалықтар

ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА ЕҢ ІРІ МЕТАЛЛ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ МЕН БЕТОН ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Алматы облысында өңірдегі ең ірі құрылыс материалдарын өндіруші кәсіпорындардың бірі жұмысын бастады. Қарасай ауданының Әйтей ауылдық округінде ашылған Almaty W. S. өндірістік кешені жыл сайын ондаған мың тонна металл құрылымдарын, жүздеген мың текше метр бетон және құрылыс саласына арналған өнімдердің кең түрін өндіруге қауқарлы.

ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА ЕҢ ІРІ МЕТАЛЛ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ МЕН БЕТОН ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Жобаны іске асыруға 4,7 млрд теңге инвестиция тартылды. Алғашқы кезеңде 80-нен астам жұмыс орны ашылып, қызметкерлердің басым бөлігі аудан тұрғындарынан құрылды. Заманауи технологияларды енгізу мақсатында кәсіпорынға шетелдік мамандар тартылып, олар жергілікті кадрларды оқытумен айналысуда.

ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА ЕҢ ІРІ МЕТАЛЛ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ МЕН БЕТОН ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Зауыттың өндірістік қуаты жылына 10 мың тонна металл құрылымдарын және 300 мың текше метр тауарлық бетон шығаруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, мұнда сэндвич-панельдер, профнастил, модульдік ғимараттар, контейнерлер, цемент блоктары, тротуар плиталары, сондай-ақ терезе және есік конструкциялары өндіріледі.

ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА ЕҢ ІРІ МЕТАЛЛ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ МЕН БЕТОН ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Қазіргі таңда өнімнің негізгі өткізу нарықтары — Алматы қаласы, Алматы облысы, Шымкент және Қазақстанның батыс өңірлері. Сонымен қатар кәсіпорын Қырғызстан мен Өзбекстаннан алғашқы тапсырыстарды қабылдап, алдағы уақытта экспорт көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА ЕҢ ІРІ МЕТАЛЛ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ МЕН БЕТОН ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Зауыт үш гектар аумақта орналасқан және металл құрылымдарын жобалаудан бастап өндіру мен монтаждауға дейінгі толық өндірістік циклді жүзеге асырады. Модульдік шешімдерді пайдалану құрылыс мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді, ал құрастырмалы металл қаңқаларды қажет болған жағдайда тез бөлшектеп, басқа жерге қайта орнатуға болады.

ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА ЕҢ ІРІ МЕТАЛЛ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ МЕН БЕТОН ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Жоба қытайлық инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылды. Ашылу рәсімінде компанияның негізін қалаушы Тивэй Жу кәсіпорын өңір өнеркәсібінің дамуына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ететінін атап өтті. Ал Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Адис Сейдакматов жергілікті билік инвестициялық жобаларды алдағы уақытта да жан-жақты қолдауға дайын екенін жеткізді.

ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА ЕҢ ІРІ МЕТАЛЛ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ МЕН БЕТОН ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Кешеннің құрылысы 2025 жылдың наурызынан желтоқсанына дейін жүргізілді. Осы уақытқа дейін кәсіпорын шамамен 200 мың текше метр бетон және 6 мың тонна металл құрылымдарын өндірген. Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, өндірістік қуаты жағынан бұл зауыт Алматы қаласы мен Алматы облысындағы осы бағыттағы ең ірі кәсіпорын саналады.

ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА ЕҢ ІРІ МЕТАЛЛ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ МЕН БЕТОН ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Back to top button