Қазақстандық сегментте бұған дейін халықаралық іздеуге жарияланған блогер Қайсар Қамзаның Қазақстанға қайтарылуы мүмкін екені туралы ақпарат таралуда.
Әлеуметтік желілерде Вьетнамдағы Камрань әуежайында түсірілген болуы мүмкін фотосуреттер жарияланды. Кадрларда Қайсар Қамза Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) қызметкерімен бірге жүргені болжанып отыр.
Еске салайық, 2026 жылғы қаңтарда блогер заңсыз құмар ойындарды жарнамалауға қатысты қылмыстық іс аясында халықаралық іздеуге жарияланған болатын.
Желіде тараған фотосуреттер оның Қазақстанға жеткізілгенін көрсетуі мүмкін. Алайда жарияланым әзірленген сәтте бұл ақпаратты ҚМА немесе өзге де құзыретті органдар ресми түрде растаған жоқ.
Фото: t.me/kozachkow
