Жаңалықтар

ШЫҢҒЫС ӘРІНОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ


 

Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі қызметіне тағайындалды. Тиісті жарлыққа Қазақстан Республикасының Президенті қол қойды.

Өңірдің жаңа басшысы 1983 жылғы 29 қазанда дүниеге келген. Шыңғыс Сайранұлы үш жоғары білім алған. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетін, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының «Құқықтану» мамандығын, сондай-ақ Азаматтық авиация академиясының «Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығын тәмамдаған.

2006–2022 жылдары Әрінов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кадрлар жүйесінде түрлі офицерлік және басшылық қызметтер атқарды.

2022 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Президенттің күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды. Бұл қызметті 2024 жылғы ақпанға дейін атқарды.
2024 жылғы 6 ақпанда Шыңғыс Әрінов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындалды. Аталған лауазымды 2026 жылғы 3 қыркүйекке дейін атқарды.

Back to top button