Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді әрі кедергісіз инфрақұрылым қалыптастыру жұмыстары жалғасып жатыр.
2026 жылдың соңына дейін әлеуметтік инфрақұрылымның 34 573 нысанын бейімдеу жоспарланған. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қажетті жұмыстар 32 802 нысанда жүргізілді.
Бұл ретте әңгіме тек мемлекеттік мекемелер туралы емес. Тізімге мектептер мен басқа да білім беру ұйымдары, медициналық мекемелер, мәдениет, сауда және қызмет көрсету нысандары кіреді.
Қолжетімділікті бағалау тәсілі де біртіндеп өзгеріп келеді. Енді жекелеген элементтердің талаптарға формалды сәйкестігіне ғана емес, адамның нысанды іс жүзінде қаншалықты ыңғайлы пайдалана алатынына басымдық беріледі. Келушінің бүкіл қозғалыс бағыты — іргелес аумақ пен ғимаратқа кіреберістен бастап қызмет алатын орынға дейін тексеріледі. Сонымен қатар ғимарат ішіндегі жүріп-тұру жолдары, санитариялық бөлмелер, ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар да ескеріледі.
Жұмыс Қазақстанның 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, жол картасы және «Халықпен бірге» жобасы аясында жүргізілуде.
Бақылаудың қосымша құралы қолжетімділіктің интерактивті картасы болып қала береді, онда азаматтар әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілері туралы ақпаратпен таныса алады.
