Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстанның бастауыш сыныптарында оқыту мен бағалаудың жаңар тәсілдеріне көшуде. Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың үлгерімін, қолданыстағы бағалау жүйесін және оқу материалының мазмұнын талдағаннан кейін 1-4 сыныптарға арналған бағдарламаларды қайта қарады.
Енді негізгі назар қалыптастырушы бағалауға аударылады. Мұғалімдер оқу барысында баланың материалды қаншалықты меңгергенін және білім алудағы ілгерілеуін тұрақты бақылап отырады. Бұл ретте бастауыш сыныптарда жиынтық бағалау қорытындысы бойынша бұрынғыдай тоқсандық баға қойылмайды.
Оқу дағдысына да ерекше көңіл бөлінеді. Бастауыш сыныптарда оқу техникасы қайта бағаланады. Алайда басты көрсеткіш минутына оқылған сөздердің саны емес. Мұғалім баланың мәтінді қаншалықты түсінгенін, оның мазмұнын меңгеруін және алынған ақпаратпен жұмыс істей алу қабілетін ескереді.
Өзгерістер Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі білім алуға қатысты мәселелерді де қамтыды. Оқушы орындары мен гранттар санын қысқарту жоспарланып отырған жоқ. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, НЗМ-нің 2028 жылға дейінгі үш жылдық бюджеті бекітілген. Сондықтан қазіргі таңда қабылдау санын қысқартуға негіз жоқ.
