Жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ 1 МЛН ГЕКТАРДАН АСТАМЫ МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Қазақстанда 2026 жылы пайдаланылмаған және заңсыз берілген 1,2 млн гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды.

Жыл басынан бері аумақтық бөлімшелер 1 млн гектардан астам аумақта 1 мыңнан астам жоспардан тыс тексеру жүргізді. Жер пайдаланушыларға 884 мың гектарға бұзушылықтар бойынша 715 ұйғарым берілді. Тағы 211 мың гектарды мәжбүрлеп алып қою жөніндегі материалдар соттарда қаралуда.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің мәліметінше, қыркүйек айының басындағы жағдай бойынша мемлекетке қайтарылған 13,5 млн гектар жер қайта бөлінді. Оның 5,5 млн гектары халыққа мал жаю үшін берілсе, тағы 8 млн гектар ауыл шаруашылығы өндірісі субъектілеріне конкурс арқылы ұсынылды.

Back to top button