Жаңалықтар

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАСЫРЫН ТАБЫСТАРЫН АНЫҚТАДЫ

Павлодар облысының прокуратурасы жеке сот орындаушыларының қызметінде салық заңнамасының талаптары бұзылғанын анықтады.

Тексеру 73 жеке сот орындаушысын қамтыды. Оның 53-інен салық есептілігінде көрсетілмеген табыстар анықталды. Қадағалау органының араласуынан кейін олар жалпы сомасы 535,6 млн теңге болатын табыстарын ерікті түрде декларациялады.

Камералдық бақылау нәтижесінде бюджетке 53 млн теңгеден астам салық түсті. Сонымен қатар 10,2 млн теңге өсімпұл ретінде өндірілді.

Прокуратура мәліметінше, салық тәртібінің сақталуына бақылау жалғасуда. Анықталған заң бұзушылықтарды жоймаған жеке сот орындаушыларына қатысты салықтық тексеру жүргізу бастамасы көтерілуі мүмкін.

Back to top button