Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖАҺАНДЫҚ ФОРУМДЫ БАСҚАРДЫ

 

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Төребаев Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) зияткерлік меншік және жасанды интеллект мәселелеріне арналған алғашқы жаһандық форумына төрағалық етті. Форум 9–10 қараша күндері Швейцарияның Женева қаласында өтті.

Іс-шараға министрлер, ДЗМҰ-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының өкілдері, халықаралық сарапшылар мен технологиялық компаниялар қатысты. Қатысушылар авторлық және патенттік құқықтарды қорғау, жасанды интеллектіні ғылым мен инновация саласында қолдану, сондай-ақ адамның дауысын, бейнесі мен цифрлық тұлғасын қорғау мәселелерін талқылады.

Алғаш рет қазақ тілі ДЗМҰ-ның жасанды интеллект негізіндегі субтитрлеу жүйесінің эксперименттік нұсқасына енгізілді. Нәтижесінде қазақ тілі пікірталастарды нақты уақыт режимінде аударуға мүмкіндік беретін 20 тілдің қатарына қосылды. Бұл бастаманы Қазақстанның Женева қаласындағы тұрақты өкілдігі ұйым хатшылығымен бірлесіп жүзеге асырды.

Форумға төрағалық ету Қазақстанға жасанды интеллект пен зияткерлік меншік саласындағы жетістіктерін халықаралық деңгейде таныстыруға мүмкіндік берді.

 

Back to top button