Қазақстан дәріханалары дәрігердің рецептісіз антибиотиктер бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып жатыр. 2026 жылдың басынан бері бақылаушы органдар мұндай құқық бұзушылықтарға қатысты 38 хаттама толтырған. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 8,2 млн теңгеден асты.
Алдыңғы жылдардың статистикасы да мұндай заңбұзушылықтардың тұрақты түрде анықталып отырғанын көрсетеді. 2023 жылы 3,5 млн теңгеден астам айыппұл салынған 26 құқық бұзушылық тіркелсе, 2024 жылы 45 хаттама толтырылып, айыппұл сомасы 7,6 млн теңгеден асты. Ал 2025 жылы хаттамалар саны 59-ға жетіп, салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 9,5 млн теңгеден асты.
Көбінесе рецептсіз сатуға тырысатын дәрілердің қатарында жүйелі әсер ететін бактерияға қарсы препараттар бар.
Антибиотиктерді босату тәртібінің бұзылуы оларды бақылаусыз қолданудың салдарына байланысты алаңдаушылық туғызып отыр. Дұрыс қолданылмаған жағдайда бактериялар микробқа қарсы препараттарға төзімділік қалыптастыруы мүмкін. Соның салдарынан инфекциялық ауруларды емдеу қиындай түседі, өйткені бұрын тиімді болған дәрілер әсер етпеуі мүмкін.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі цифрлық құралдардың көмегімен жоғары қауіп тобына жататын дәрілік препараттардың айналымын бақылауды күшейтуді жоспарлап отыр. Ведомство Цифрлық экономиканы дамыту орталығымен бірлесіп, міндетті электрондық рецептілер жүйесін енгізуде. Оларды дәрілік заттардың қозғалысын бақылау мақсатында тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесімен байланыстыру көзделген.
