Тұрақты дене белсенділігі жүрек пен қан тамырларының жұмысын жақсартады, қалыпты салмақты сақтауға көмектеседі, төзімділікті арттырып, көңіл күйге оң әсер етеді.
Денсаулыққа пайдасын тигізу үшін кәсіби спортпен айналысу міндетті емес. Жылдам жүру, таңғы жаттығу жасау, жүзу, велосипед тебу немесе ашық ауадағы тренажерларда жаттығу да жеткілікті. Ең бастысы — денсаулық жағдайын ескеріп, шамадан тыс күш түсірмей, жаттығуды біртіндеп бастап, тұрақты түрде айналысу.
Көбірек қимылдап, өзіңізге ұнайтын белсенділік түрін таңдаңыз!
