Соңғы бес күнде полиция жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан, көлік басқаруды жалғастырған 245 жүргізушіні ұстады. Олардың 115-і әкімшілік қамаққа алынса, тағы 130-ына айыппұл салынды. Ұсталған көліктердің барлығы айыппұл тұрағына қойылды.
Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәлігінен айыру көлік құралдарын басқаруға тыйым салынатынын еске салады. Полиция мұндай құқық бұзушылықтардың жолын кесу жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастырады.