Алматы қаласының тұрғындары Есенов көшесі, 17 мекенжайындағы ауланың жағдайына шағымданды.
Олардың айтуынша, шамамен 5–6 айға созылған құбырларды ауыстыру жұмыстарынан кейін арада жарты жыл өтпей жатып, асфальт бұзыла бастаған.
Аулада шұңқырлар, тегіс емес жерлер және жабынның зақымдануы пайда болған.
Тұрғындар жүргізілген жұмыстардың сапасына және бөлінген қаражаттың тиімді игерілуіне күмән келтіруде.
Қала тұрғындары жауапты органдардан жағдайға назар аударып, тиісті түсініктеме беруді сұрайды.