Жаңалықтар

Аурудың алдын алған — емдегеннен тиімді! Денсаулығыңыз сыр берген алғашқы белгілер байқалса, дәрігерге қаралуды кейінге қалдырмаңыз.

Көптеген аурудың алдын алуға немесе оларды ерте кезеңде тиімді емдеуге болады. Сондықтан өз денсаулығыңызға мұқият қарап, ағзадағы кез келген, тіпті болмашы өзгерістерді де елеусіз қалдырмаған жөн.

Әлсіздік, ауырсыну, дене қызуының көтерілуі, жөтел, ентігу және өзге де жайсыздық белгілері маманның кеңесін қажет ететін дабыл болуы мүмкін. Дәрігерге дер кезінде қаралу симптомдардың себебін анықтап, қажетті емді уақытылы бастауға мүмкіндік береді.

Өз-өзіңізді емдемеңіз және дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз — денсаулығыңызға дер кезінде қамқорлық жасаңыз!

Back to top button