Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА БІР ЖЫЛДА 233 КӨППӘТЕРЛІ ҮЙГЕ КАПИТАЛДЫ ЖӨНДЕУ ЖАСАЛДЫ

2024 жылы Қазақстанда 2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында 233 көппәтерлі тұрғын үйге капиталды жөндеу жүргізілді. Жұмыстарға ғимараттардың қасбеттері, шатыры және басқа да конструкциялық элементтері кірді, бұл мыңдаған азаматтардың тұрмыс жағдайын едәуір жақсартуға мүмкіндік берді.

Индустрия және құрылыс министрлігінің мәліметінше, жөндеу жұмыстары қайтарымды негізде жүзеге асырылады. Өңірлерді қолдау үшін республикалық бюджеттен жылдық 0,1% мөлшерлемемен жеті жылға жеңілдетілген несиелер бөлінеді. 2024 жылы осы мақсатқа 13,8 млрд теңге бағытталып, тұрғын үйлердің инженерлік және сыртқы инфрақұрылымы жаңартылды.

Министрлік бағдарламаның тек тұрғын үй сапасын арттырып қана қоймай, қолданыстағы тұрғын үй қорын сақтап, қауіпсіз әрі заманауи қалалық орта қалыптастыратынын мәлімдеді. Алдағы жылдары капиталды жөндеумен қамту ауқымы кеңейіп, жаңғыртылған үйлердің саны артады деп күтілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button