Жаңалықтар

АЛАТАУ ҚАЛАСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ РЕТІНДЕГІ ПОЗИЦИЯСЫН НЫҒАЙТУДА

Alatau City Authority мен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Алатау қаласы аумағында іске асырылатын жобаларды инвестициялау және қаржыландыру бағытындағы серіктестікті кеңейтті. Тиісті келісімге Alatau City Authority бас атқарушы директоры Әлішер Әбдіқадыров пен «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин қол қойды.

Кездесу барысында тараптар инвесторларды мемлекеттік қолдау тетіктерін, холдингтің даму институттарымен өзара іс-қимылды және стратегиялық маңызы бар жобаларды жүзеге асыру үшін қаржылық құралдарды пайдалану мүмкіндіктерін талқылады.

Әлішер Әбдіқадыров «Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі туралы» Конституциялық заң аясында жүзеге асырылып жатқан Alatau City дамыту тұжырымдамасын таныстырды. Қаланың ерекше мәртебесі инвесторларға «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетуді, арнайы салықтық және реттеуші режимдерді, сондай-ақ инвестицияларды қорғаудың қосымша кепілдіктерін көздейді.

Кездесуде өнеркәсіп, логистика, цифрлық экономика, қалалық инфрақұрылым, инновациялар және жоғары технологиялар салаларындағы жобаларды қаржыландыру перспективаларына ерекше назар аударылды. Басым бағыттардың қатарында жасанды интеллект технологияларын енгізу және заманауи цифрлық инфрақұрылым қалыптастыру да бар. Сонымен қатар тараптар жалпы инвестиция көлемі 138 млрд теңгеден асатын төрт басым жобаны қаржыландыру мүмкіндігін қарастырды.

Қазіргі таңда Alatau City инвестициялық қоржынында жалпы құны 2 трлн теңгеден асатын 53 жоба бар. Оларды іске асыру нәтижесінде 51 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Қытайда өткен халықаралық роуд-шоудың қорытындысы бойынша инвестициялық қоржын көлемін 5 трлн теңгеге дейін ұлғайту күтілуде.

Back to top button