Қостанай қаласында ашулы топ полиция қызметкеріне шабуыл жасады.
Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшысы қызметтен тыс уақытта балаларымен жүрген. Ол қоғамдық тәртіпті бұзғандарға ескерту жасаған, алайда оған жауап ретінде ер адамдар агрессия танытып, күш қолданған.
Оқиға орнындағы барлық күдіктілер ұсталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.