Жаңалықтар

КӨЛІК ЖАПЫРЫЛЫП ҚАЛДЫ

12 наурыз күні сағат 11:20 шамасында Қарағанды қаласының Шығыс айналма жолында жол-көлік оқиғасы орын алды. Chevrolet Cobalt автокөлігі бүйірімен көшені жарықтандыруға арналған металл тірекке соғылған.

Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, көлік тізгінінде 26 жастағы жүргізуші болған. Апат салдарынан ол ауруханаға жеткізілді.

Айта кетерлігі, металл тірек соққыға төтеп бергенімен, автокөлік қатты зақымданған.

Back to top button