«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық автожолдарда 43 электр қуаттау станциясының (ЭҚС) жұмыс істеп тұрғанын хабарлады. Станциялар негізгі бағыттарда орналасқан және еліміздің басты көлік дәліздерімен электркөліктердің жүріп өтуін қамтамасыз етеді.
1. Ең көп ЭҚС KAZ06 «Жайсан — Алматы — Хоргос» трассасында — 18 ЭҚС: АйшаБиби (535 км), Тараз (475 км), Ақтоган (350 км) — QazaqOil (160 кВт), Меркі (348 км), Қордай (214 км, 212 км), Кенен (157, 158 км), Ақтерек (128 км), Алматы (26 км), 2253 км, Шелек (127 км), Қызылорда (Бірқазан, 1831 км), Жайылма (1984 км), 1359 км.
2. Шымкенттің солтүстік айналма жолы (KZ17-01) — 2 ЭҚС: 2262 км, 2264 км.
3. Байсейіт — Көкпек — Шонжы — Көктал (KAZ05-01) — 1 ЭҚС.
4. Алматы — Төнкеріс — Байсерке — Междуреченское (KZ05-10) — 1 ЭҚС: 42 км.
5. А-3 трассасы «Алматы — Өскемен» — 3 ЭҚС: Қонаев (72 км) — 2 ЭҚС, Алматы (26 км).
6. KAZ01 трассасы «Екатеринбург — Алматы» — 8 ЭҚС: 115 км, Астана (Жібек Жолы, 1284 км), Қарағанды (1456 км, 1496 км) — 2 ЭҚС, Ақшатау (1706 км), Балқаш (1853 км), Бурабайтал (2152, 2131 км) — 2 ЭҚС.
7. А-1 трассасы «Астана — Петропавл» — 6 ЭҚС: Астана (18, 20 км) — 2 станция, Шортанды (74 км), Ақкөл (104 км), Щучинск (234 км) — 2 ЭҚС.
8. А-17 трассасы «Астана — Павлодар — Успенка» — 1 ЭҚС: Шідерті (1217 км).
9. KAZ19 трассасы «Қостанай — Рудный — Денисовка — Қарабұтак» — 1 ЭҚС: Рудный трассасы (547 км).
10. KAZ23 трассасы «Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» — 1 ЭҚС: Әулиекөл (105 км).
11. А-16 трассасы «Жезқазған — Петропавл» — 1 ЭҚС: 952 км.
Станциялардың қуаты 320 кВт-қа дейін жетеді, бұл электркөліктерді жедел қуаттауға мүмкіндік береді. Жобаға QazaqOil, GasEnergy, Royal Petrol, Helios және Compass компаниялары атсалысуда.