2025 жылдың 9 мамырынан бастап, Қазақстанда ақпарат иелерінің ашықтық стандарты ресми түрде күшіне енді. Аталған құжат, қоғамдық маңызы бар ақпарат иелері болып танылатын, барлық мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың, түрлі мекемелердің, бюджет тұтынушылардың және өзге де құрылымдардың ашықтығы мен ақпараттық қолжетімділігіне қойылатын, бірыңғай талаптардың төменгі мөлшерін айқындайды.
Жаңа стандарттың мақсаты — қоғам мен биліктің арасында мағыналы, тұрақты және ашық диалогты қамтамасыз ету, басқару үрдісіне тұрғындардың жанасуы мен қоғамдық бақылауды күшейту.
Алайда, Алматы облысында бұл талаптар таңдамшыл және жүйесіз түрде орындалуда. Көптеген ведомстволар, ашықтық стандарты талап ететіндей, айқын белсенділік пен тұрғындармен нақты қарым-қатынасты әзірге танытпауда.
Сонымен қатар, өңірде өзгелерге мысалға келтіруге болатын, жекелеген жәйттар бар. Мәселен, Алматы облысының полиция Департаменті тұрғындармен тұрақты түрде кездесулер өткізеді, оның ішінде биресми жағдайдағы ашық талқылаулар, олардың барысында қауіпсіздік пен құқыққорғаудың нақты мәселелері көтеріледі.
Алматы облысының Прокуратурасы санды ашықтықтың тұрақты тәжірибесін айқындайды: әлеуметтік желілерде тікелей эфирге мезгілді шығып тұрады, тұрғындардың өтініштеріне жауап береді, журналисттермен, блогерлермен және азаматтық қоғам өкілдерімен офлайн-кездесулер өткізеді, сонымен нақты кері байланысты қамтамасыз етеді.
Ерекше атап өтуге тұратын — Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы Ержан Сулейменов, ол 2025 жылдың 27 мамырында бұқаралық ақпарат өкілдерімен ашық кездесу өткізді. Сонымен ол, облыстық деңгейдегі басшылардың алғашқылары болып, ашықтық стандарт қағидаттарын жүзеге асыра бастады, журналисттермен мезгілді үндестікке және сала мәселелерін ашық талқылауға деген әзірлігін паш етті.
Талғар қаласының әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлын да атауға болады, ол әлеуметтік желілерді белсенді түрде қолданады және ТикТокта жеке блогын жүргізеді. Қысқаша бейнебаяндау арқылы тұрғындарды әкімдік жұмысы жайлы хабардар етеді, олардың саулдарына жауап береді және көкейтесті мәселелерді қолжетімді түрде тұрғындармен бірге талқылайды. Бұл сирек кездесетін, бірақ, үлгітұтар мысал: замануи санды құралдарды ашық басқаруға тиімді қоланудың айқын түрі.
Стандартқа сәйкес, ақпарат иелері мәліметтерді қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау керек, ашық деректерді мезгілді жаңартып отыруға міндетті, бірінші басшылардың блогтарын жүргізіп отыруы керек, нормативті-құқықтық актілерді және бюджеттік бағдарламаларды талқылауға қатысуы керек, көпшілік ресми шаралар, саулнамалар және интернет-конференциялар өткізуі қажет, сонымен қатар, тұрғындардың барлық санаттарына ақпараттық қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.
Бұл нақтыланған талаптардың тек бір ғана бөлігі. Міндетті нормалардың тізімімен және бұйрық мәтінімен Руслан Закаринның телеграм-каналында (@ZakarinRuslan) танысуға болады.
Ашықтық стандарт ережелері міндетті түрде екенін және барлық ақпарат иелеріне бұлжытпай орындауға жататынын, атап өту маңызды. Бұл кеңестік мәлімет емес, биліктің есепберушілігін нығайтуға бағытталған норма. Ашықтық формалды болып танылмай, билік пен қоғамның нақты диалогы құралы ретінде табылса, сонда ғана азаматтардың сенімі қалыптасады және көзге көрінер нәтижелерге қол жеткізіледі.