Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫН АУСТРАЛИЯДАН ӘКЕЛГЕН АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ҚОЙЛАР ТОЛЫҚТЫРДЫ

Қазақстан асыл тұқымды қой басын жоғары өнімді австралиялық тұқымдарды импорттау есебінен көбейтіп жатыр. 30 қазанда елге «Австралиялық ақ» және «Дорпер» тұқымдарының 1 765 бас қойы жеткізілді. Жаңа мал Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы екі шаруашылыққа өнеркәсіптік етті қой шаруашылығын дамыту үшін жіберіледі.

1 100 бас дорпер қойынан тұратын ең ірі партия «Ерейментау-Астық-2014» ЖШС-не арналған. Шаруашылық жалпы 4 мың бас мал сатып алуды жоспарлап отыр. Жоба «Береке» бағдарламасы аясында жеңілдетілген қаржыландыру арқылы жүзеге асырылуда.

Тағы 665 асыл тұқымды қой «Eco Lamb» ЖШС-не берілді. Оның 497-сі «Австралиялық ақ» тұқымына жатса, қалған 168-і – дорпер тұқымды саулықтар. Кәсіпорын базасында австралиялық тұқымдарды өсіріп, кейін оларды еліміздің басқа шаруашылықтарына жеткізуге арналған асыл тұқымды репродуктор ашу жоспарланып отыр.

Жобалардың негізгі мақсаты – Қазақстанның қой шаруашылығының генетикалық әлеуетін арттыру. Австралиялық тұқымдар ет өнімділігімен және тез жетілгіштігімен ерекшеленеді. Бұл қой етін өндіру тиімділігін арттырып, өнім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Бастамалар 2026–2030 жылдарға арналған Мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспар аясында жүзеге асырылуда.

Back to top button