Жаңалықтар

22:00-ДЕН КЕЙІН ТЫНЫШТЫҚТЫ БҰЗБАҒАН ЖӨН: ҚАЗАҚСТАНДА ҚАНДАЙ АЙЫППҰЛ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

Қазақстанда кешкі және түнгі уақытта тыныштықты бұзу қомақты айыппұлға әкелуі мүмкін. Жұмыс күндері сағат 22:00-ден 09:00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері 23:00-тен 10:00-ге дейін қатты музыка қою, жанжал шығару, жөндеу жұмыстарын жүргізу және өзге де шулы әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Тәртіп бұзушыларды жауапқа тарту үшін полиция шақырып, арыз жазып, хаттаманың ресми түрде рәсімделуін күту қажет.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабына сәйкес, 2026 жылы жеке тұлғалар үшін алғашқы құқық бұзушылыққа 5 АЕК көлемінде, яғни 21 625 теңге айыппұл салынады. Егер жағдай қайталанса, жаза көлемі екі есеге артып, 10 АЕК-ке немесе шамамен 43 мың теңгеге жетеді.

Кәсіпкерлік нысандарға қатысты жаза қатаңырақ. Егер тұрғын үйлерге жақын орналасқан кафе, мейрамхана, құрылыс нысандары немесе өзге де коммерциялық ұйымдар шу шығарса, айыппұл көлемі 20-дан 100 АЕК-ке дейін жетуі мүмкін.

Статистикаға сүйенсек, мәселе әлі де өзекті. 2024 жылы Қазақстанда тыныштық режимін бұзғаны үшін 108 мыңнан астам адам мен ұйымға жалпы сомасы 1,5 млрд теңге айыппұл салынған. Ал 2025 жылы жауапкершілікке 82 мыңнан астам құқық бұзушы тартылып, өндірілген айыппұл көлемі 1,3 млрд теңгеден асқан.

Back to top button