Жаңалықтар

СЫРТЫ АЛТЫН, АЛ ІШІ…

Біздің редакцияға қызықты бейнежазбаның сілтемесі келіп түсті. Кадрларда сырт көзге қарағанда алтынға ұқсайтын сырғалар көрсетілген. Алайда, бұйымның ішін ашқанда одан гипс негізі табылған.

Бейне авторының айтуынша, әшекейдің жалпы салмағы шамамен 1,77 грамм болғанымен. Ондағы салмақтың бір бөлігі бағалы металдан жасалмаған.

Желі қолданушыларына зергерлік бұйымдарды сатып аларда олардың түпнұсқалығын мұқият тексеруге кеңес беріледі. Бейне @jk_gold_taraz парақшасынан алынған.

Back to top button