Жаңалықтар

2026 ЖЫЛҒЫ АСТЫҚ ӨНІМІ СОҢҒЫ 15 ЖЫЛДАҒЫ ҮЗДІК КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ БІРІНЕ ЖЕТТІ

2026 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 24,3 млн тонна астық жиналды. Бұл – соңғы 15 жылдағы үздік нәтижелердің бірі.

Элеваторларға жеткізілген жұмсақ бидайдың шамамен 72%-ы үшінші сұрыпқа сәйкес келеді. Зерттелген сынамалардың 48%-ында клейковина мөлшері 28%-дан асты. Ақмола облысында үшінші сұрыпты бидайдың үлесі 90%-ға, Hi-Pro бидайының үлесі 70%-ға жетті.

Соңғы екі маркетингтік жылда астық пен ұн экспорты астық эквивалентінде тиісінше 15,5 млн және 16 млн тоннаны құрады. Екі көрсеткіш те Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардағы рекордтық деңгейге жетті. 2026 жылғы қыркүйектен 19 қазанға дейін шетелге 1,657 млн тонна астық жөнелтілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға жоғары.

Егін жинау науқанына 130 мыңнан астам трактор, 29 мың астық жинайтын комбайн және 130 мыңға жуық өзге техника жұмылдырылды. 2023–2025 жылдары ауыл шаруашылығы техникасының тозу деңгейі 85%-дан 65%-ға дейін төмендеді. 2026 жылдың қорытындысы бойынша техниканы жаңарту қарқынын 8%-ға жеткізу жоспарланып отыр.

2025 жылы енгізілген минералды тыңайтқыштардың көлемі 1,8 млн тоннаға жетті. 2026 жылы 2,3 млн тонна жоспарланған болса, диқандар қазірдің өзінде 2,1 млн тонна тыңайтқыш енгізді. Элиталық тұқымдардың үлесі 12%-ды құрады.

Жеңілдетілген лизинг бағдарламасы аясында 12,7 мыңнан астам трактор мен 2 340 астық жинайтын комбайн сатып алынды. Бұл техника елдегі тракторлар мен комбайндардың жалпы паркінің шамамен 10%-ын құрайды.

Саланың негізгі міндеттері – астық өнімділігі мен сапасын арттыру, техниканы жаңарту, қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейту және заманауи агротехнологияларды енгізу.

Back to top button